Accessibility links

Иран президенті АҚШ басшысын теледебатқа шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад АҚШ президенті Барак Обаманы әлемдік мәселелерді шешу жолдары туралы теледебатқа шақырды.

Теһранда сөйлеген Ахмадинежад қыркүйек айында Обамамен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесінде кездесуге дайын екендігін мәлімдеді.

Ақ үй әзірге бұл ұсынысқа жауап берген жоқ.

Бұған дейін де Иран басшысы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушты кездесуге шақырған еді, бірақ ұсыныс қабылданбады.
XS
SM
MD
LG