Accessibility links

БҰҰ 45 адамды "қара тізімнен" алып тастады


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі, "Талибан" қозғалысының 10 мүшесінен және "Әл-Каидамен" байланыста болған 35 адамнан арнайы санкцияларды алып тастады.

Тізімдегі сегіз адам қаза болған. Ал қалғандары енді шетелге емін-еркін шыға алады.

Бүлікшілерге қарсы санкциялар үшін жауап беретін Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Томас Майр Хартингтің сөзінше, "қара тізімнен" радикалды топтармен байланысын үзіп, зорлық-зомбылықтан бас тартқандар шығарылады.


XS
SM
MD
LG