«Қазақ десең, өзіңе тиеді...» Бұрын осы сөзді естісем, қарадай жыным келетін. «Сонда өзі кім екен?» деп кәдімгідей ашуланатынмын. Байқап жүрмін, соңғы кездері осы сөзді өзім де көп айтатын болыппын...
«Қазақ, – дейді Ахмет Байтұрсынов, – әуелі «ауылдастың аты озғанша, аталастың тайы озсын» деп, жақынын сайлады. Екінші, «жеген ауыз жесін» деп, жебірлерін сайлады. Үшінші, «аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деп, малдысын сайлады. «Мынау елге жағымды, жайлы болар; мынадан дұрыстық, туралық шығар» деп сайлаған қазақ болмады»...
Енді бір үш жылдан кейін Ахаңның осы сөзді айтқанына да жүз жыл толады екен. Қарап отырсақ, жүз жылда ештеңе де өзгермепті. Әншейінде қулығына құрық бойламайтын қазақ сәл аңқауси қалса-ақ, арамза молда табыла кететініне таңым бар. «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін» дейтіндер аз бүгінде. Ғаріп болғандарға титтей көмегі тисе, соны міндетсініп өле-өлгенше айтады. Өзі қойып, жұртқа айтқызады.
Қызылағаштың қырғынында зардап шеккен жұртшылыққа қайыр-садақа бергендердің біразы бүгінде сол жақтан сайлауға түсудің қамын жасап жатқан көрінеді. Енді ше, елге көмегі тиді ғой! «Қазақ сайлауы – жұртқа келген бір жұт» деп Бөкейханның тұқымы Әлихан тегін айтпаса керек.
«Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егер де адам оларға өзі табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады»... Қыңыр қазақ, қисық қазақ, бірақ НАҒЫЗ ҚАЗАҚ Асқар Сүлейменов айтпақшы, «келер қазақтың да ішетін уы мен балы – Абай» болып қала беретін секілді. Мемлекеттік сыйлықты алу үшін арын да, ұятын да айырбастап жіберетін шабарман-жазармандардың маңдайына ұлы ақынның осы сөзін жазып қойса артық болмайтын секілді.
Айтпақшы, Амангелді көкем айтпақшы, Алдан Смайыл деген кім өзі? Қандай мақтаулы шығармасы бар?
Жұрт аузының суы құри мақтайтын бір мектептің директоры жылтыңдап ана газетке бір, мына газетке бір шығады. Барды киіп, бақанды қолға ұстап, теледидардан да түспейді. Кеудесіне тағып алған орден-медальдарын санап көрмедім, бірақ Қасым атамыздікіне жетеғабыл. Мектебінің мақтауын асырғанымен, алып бара жатқан ештеңесі де жоқ. Ана кісінің әр жерде бір айтылатын пікірлерінің де салмағы жоққа тән. Зорлап ашылған гүлде иіс болмайтыны секілді әншейін қырт-сырт бірдеңе. «Ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз» дей ме-ау! Ұрпақты улап жатқандарымен жұмысы жоқ.
«Шіркін, – деп армандаймын да баяғы, – осы кісі Болат Атабаевпен жарты сағатқа ғана тілдессе ғой!» Кеудесі жеңілдеп қалар ма еді деген ой ғой менікі.
zh.abdilda@mail.ru