Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қырғызстанға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысының есірткімен күрес бойынша көмекшісі Дэвид Джонсон бүгін Бішкек қаласына барды.

Бішкектегі Америка елшілігінің хабарлауынша, Джонсон қырғыздың ішкі істер министрі Кубатбек Байболов пен әділет министрі Аида Саляновамен, бұған қоса ЕҚЫҰ және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

Кеше Бішкекте билікті тайдыруға әрекет жасалды. Тәртіп сақшылары оппозициялық саясаткер Урмат Барктабасовты парламент сайлауына қатысуға рұқсат беруін талап еткен жүздеген адамды күшпен таратты. Полиция Барктабасовты, онымен бірге тағы 27 адамды ұстады.
XS
SM
MD
LG