Accessibility links

Ауған соғысында биыл 1,325 бейбіт тұрғын опат болды


Ауғанстандағы құқық қорғаушы ұйымның хабарына қарағанда, осы жылы ауған соғысында 1300-ден аса бейбіт халық қаза тапты. Олардың көбісі талибан бүлікшілерінің шабуылынан құрбан болды.

Адам құқын қорғаушы тәуелсіз комиссияның жексенбі күні таратқан хабарламасына сәйкес, талибан жасақтары 1325 кісі өлімінің 68 пайызына жауапты, ауғандық және НАТО күштері қаза тапқан бейбіт халықтың 23 пайызы үшін кінәлі болып шыққан.

Комиссия өкілі Надер Надери бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жоғары болып отырғанын айтты. Бейбіт халықтың шығыны Ауғанстандағы соғыстың өзекті мәселесі болып келеді.
XS
SM
MD
LG