Accessibility links

Обама Нью-Йорктегі даулы мешіт жобасын қолдады


АҚШ президенті Барак Обама өзінің Нью-Йорктегі 2001 жылғы 11-ші қыркүйек шабуылы болған маңда мұсылмандардың мәдени орталығы мен мешіт салу ұсынысына қолдау танытты.

Көптеген америкалықтар мен Нью-Йорк тұрғындары бұл мешіт террорлық шабуылда құрбан болған 2,700-ден аса адамның құрметіне қойылмайды деп, жобаға қарсы болып келген. Ол шабуылдарды мұсылмандардың әл-Қаида террорлық тобының жасақтары жасаған.

Жұма күні Ақ үйде мұсылман елдерінің дипломаттары мен АҚШ-тағы мұсылман қауымдастығының өкілдері қатысқан жиында президент Обама Америкадағы мұсылмандардың да өз діндерін ұстануға басқалар сияқты құқы бар деген.

Ұсынылған мұсылмандар орталығы Нью-Йорктегі шабуылдан қираған Дүниежүзілік сауда орталығының екі ғимараты орнынан екі көше жерден салынбақшы.
XS
SM
MD
LG