10 тәулікке қамауға алынған оппозициялық журналист Жанна Байтелова cенбі күні босатылды. «Голос Республики» газетінің журналисі тамыздың 2-сі күні Алматы қалалық сотының ғимараты алдында наразылық шарасын өткізген болатын.
Ол сот ғимараты алдына малдың тезегін лақтыру арқылы сот жүйесіне наразылық білдірген еді. Тамыздың 4-і күні Алматы әкімшілік соты «Голос Республики» газетінің тілшісі Жанна Байтелованы «кішігірім бұзақылық» айыбымен он күнге қамауға алу туралы шешім шығарғаны белгілі.