Accessibility links

Ресей Польшаға Смоленскідегі апатқа қатысты құжаттарды тапсырды


Ресей Польшаға осы жылдың сәуір айында Смоленск маңында Польша президенті Лех Качиньский мінген ұшақтың апатына қатысты жаңа құжаттарды тапсырды.

11 томнан тұратын құжаттарды бейсенбі күні Ресейдің бас прокуроры Александр Звягинцев Польшаның бас әскери прокуроры Кшиштоф Парульскийдің қолына ұстатты.

Құжатта Польша жағы сұратқан ресейлік тергеушілердің апатқа қатысты берген жауаптары жазылған.

Бортында Польша делегациясы бар Ту-154 ұшағы сәуірдің 10 күні апатқа ұшарап, ішіндегі 96 адамның барлығы қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG