Сейсенбі күні Қырғызстан президенті Роза Отынбаева егер саясаткерлер елдегі ахуалды ушықтыра беретін болса, онда парламент сайлауының өтпей қалуы мүмкін деп мәлімдеді.
Бішкектегі саяси форум барысында Р.Отынбаева қажет болған жағдайда елге төтенше жағдай тәртібін орнатуға мәжбүр болатынын ескертті.
Сәуір айындағы төңкерістен кейін билікке келген қазіргі қырғыз үкіметі елдің оңтүстік өңіріне өз ықпалын орнатуға көп күш жұмсады. Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектердің арасындағы шілде айында болған қақтығыс салдарынан жүздеген адам мерт болып, мыңдаған кісі баспанасынан айрылды.
Ұлтаралық жанжалдан екі апта өткенде Қырғызстанда Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша референдум болып өтті.
Жаңа Атазаң президенттің билік құзырын күрт шектеп, бүкіл Орта Азияда тұңғыш парламент республикасын құру үшін маңызды қадам болды.