Созбұйдаға салмай бірден бастайық. Қытайдағы қазақтың басына төніп тұрған – тек қытай тілділенген мектебі мен құрып бара жатқан салт-дәстүр, ұлттық болмысы емес.
Қытай заңында малшыларға жайылым жерді отыз жылға, егіншілерге егістік жерді отыз жылға ғана көтереге (уақыттық пайдалануға) берілетіндігі туралы жазылған. Ал, әлгі отыз саны түгесілгесін (мейлі, түгесілмей жатып та) мемлекет қай күні келіп сіздің құйрық басып отырған жеріңізді аударып алғысы келсе, сол күні ала алады. Өйткені, жер сіздікі емес, сізде тек уақыттық пайдалану құқығы ғана бар, түпкілікті меншік – үкіметте.
Ашығын айтқанда, кісі өлсе сүйегі жерге уақытша жерленеді деген сөз. Үйілген аз ғана топырақты бір-ақ күнде тегістей салу олардың өз қолында. 1986 жылы Қытай қазақтарына жалпы беттік мал бөліс болды. Сол уақыттан бастап есептесеңіз көп өтпей қазақтар жерсіз қалатыны көрініп тұр.
Тағы бір айта кетеін жайт, қытайдағы емделу мәселесі. Ем қабылдаудың ақылы болуы және ақысының кісі шошырлық дәрежеде көп болуы экономикалық әл-ауқаты төмен аз ұлттарға (қытай жөнінен айтқанда) мүлдем қолайсыз жағдай. Соңғы кездері үкімет қызметіндегілерді қырық жастан асқаннан кейін зейнетке шығара бастауының өзі олардың жеке бастық тұрмысына, отбасына, бала-шағасына жеңіл тимейтіні даусыз.
Қазақ малшылары жиі қоныстанып, жаз жайлауын өткізетін көрікті тау мен мөлдір сулы мекендердің бизнестік мақсатта туристік компаниялар жағынан тартылып алына бастауын айтпағанның өзінде, түрлі кен қазбалары үшін мәжбүрлі түрде үкіметке қайтарылып алынған қаншама қазақтың шұрайлы жері бар?! Кіндік кесіп, кір жуған, ата-бабаң қан төгіп жүріп қорғаған жерді, міне, бүгін жат ел, өзге жұрт бауырына басып, сөлін сорып жатыр. Жеті атасының басы қалған төбеде қазақтың қара домалақ ұлы жетімсіреп дала кезіп кетуге дайын тұр.
Күн сайын шиеленісіп отырған ұлт мәселесі қазаққа да кесірін тигізбей қойған жоқ. Ұйғұрдың ылаңы қазаққа сор болмаса да, теңіз болып жатқан қытай батыстағы (Шин Жияңдағы) аз санды ұлттарға енді оң көзімен қарамайды деген үкім шығаруға әбден болады.
P.S. Бала күнімізде аталарымыз туған жердің қасқырларының азайып кеткенін, иен тау мен жапандағы мекеніне кісі баласының тіміскі аяғы жиі сұғанақ жасай бастағаннан кейін олардың басқа жаққа ауып кеткені туралы айтып отырушы еді… Түгін тартсаң майы шығатын жалпақ дала енді қазаққа сол қасқырдың ауып кеткеніндей бақытты тағдырды сыйлай ала ма, жоқ па – оны құдіреті күшті Алла Тағаланың өзі біледі…
Уа, Жаратушым! Қазақ жұртына амандық бере гөр!
http://kazprose.wordpress.com