Абай айтыпты: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың», - деп. Зинһар, менің ұқпайтыным – көшбасшы мәртебесі не үшін керек болды? Һәрбір қарекеттің мақсұды бар емес пе? Мәгәрки, жеке мұрат, дүниелік үшін болса, жоғарыдағы Абай һүкіміне қол қойғаннан өңгесі жоқ.
Шәкәрімге берсеңіз, кешегі Жошының орнында отырған қалқанқұлақты санаттан шығарады: «Наданды нәпсі сүйремек, мақтанға болып құл!» Бірақ «бір надан төбесіне шығып, ойына келгенін істеді» дегенді қазаққа да, өзіме де ар көріп, әр түрлі хиялға берілемін де...
Осы жүйенің бар қызығын көріп, жуан қарынын күнде жұбатқан бір ағам:
– Бұл өзін заңнан, қасындағы топтардан, халықтан, жалпы, бұ дүниядан жоғары қойып алды. Бұнысы – мемлекетке, қазаққа керек. Енді бұл айналасындағы қуаяқтардан қорықпай қимылдайды. Ресейге де, Қытайға да жалтақтамайды. Қазақстанның мемлекеті нығаяды! – деді.
Ал онда соншалық «ерлік» шығару үшін несиеге көшбасшы мәртебесін алған сабазың бұрын қалай күн көрген?
Бірақ маған бұл жартыкеш пікір ой тастады. Басым даң болып, мына сұрақтың жауабын іздедім. Адамның ақылы жетпісінде кіре ме, әлде қырықтан асқанда тола ма? Жетпісіне шейін қасына өңшең жәдігөйді жинап, қазақ бұрын көрмек түгілі естімеген сұмдықтарға куә болдық. Ақыры халықтың да ниетінде ақша табу мен ұрлаудан басқа түк қалмады.
Өстіп кіжініп келе бергенде ылғи ойым былай деп сап ете қалады: «Рас-ау, әлемге аймандай болып, күллі дүниені таңырқатып мәртебе иеленді. Халықтың баспанасыз тентіреген хәлі, денсаулығы, өлмелі өндірісіміз, бұл елдің экологиясы аяныш туғызбаса, таңдай қақтырмайды ғой. Не де болса бұл бір ұлы өзгерісті ойға алды! 40 жыл өзі дос болған, мемлекетті бірігіп талаған қу мен сұмды, ұры мен қарыны түгел биліктен қуып тастамақ! Заңнан жоғары мәртебе, пайғамбарлық бедел тек осындай қиын, бірақ мемлекеттік іске ғана керек! Қалған жорамалға көңіл қалай тояды? Көшбасшы боларлықтай не істепті? Енді істеуі мүмкін!
Ал қазақ ше? Қазақ арылып, бар арманын артып, мәртебені беріп, былай шығып алды аулаққа. Өйткені ұлы майдан басталады, «супермэн» пайда болды! Енді бар ғой... енді көкірегіне ақшадан өзге, басқа құндылықтар берік орныққан, мүлде біз күтпеген форматтағы, жүздерінен нұры төгілген (көздері алақ-жұлақ етпейтін), Қонаев бітімді, мемлекетті адамшылық қалыпқа түсіріп, халықты жақсы көріп, елге ыстық ықыласпен қарайтын біреулер келеді! Несиеге берілген көшбасшы мәртебесінің өтеуі осыдан басқа бола алмайды! Ал... ал... қасында... тек..... Нұртай Әбіқаев қалады!»
Ха-ха-ха-ха-ха-ха-хааааа!!! (Тұншығып, қақалып, шашалып барып, отырған орындығымнан ауып түстім). Күлкім тез тыйылды. Түрім тым күреңітіп кеткеннен шығар, әйелім жүгіріп келіп, бетімнен ұрып жатыр. Сөйткенше он минут өтіпті...
Үміт қыла алмайды екем! «Өзі үшін оттаған...»
Ал «үмітімді өлтірмей, жиырма-отыз жыл тағы телмірем» десеңдер, өздерің біліңдер! Қазақтың беті ары қарап кеткен.
kondihul@yandex.kz