Accessibility links

Македония мен Сербия өз азаматтарына шекарадан куәлікпен ғана өтуге жол ашты


Македония мен Сербия өз азаматтарының шекарадан паспорт емес тек куәліктерімен де өтуіне рұқсат беруге келісті.

Македония ішкі істер министрі Гордана Янкулошка сербиялық әріптесі Ивица Дачич екеуі бұл бастама жақын күндері екі елдің шекарадағы қылмыстық әрекеттерді болдырмау шаралары қолға алынғаннан кейін жүзеге асады деді.

Желтоқсан айынан бері Сербия, Македония және Черногория азаматтары Еуропа Одағына мүше елдерге визасыз шыға бастаған.
XS
SM
MD
LG