Accessibility links

Украина президентінің құзыры қайта кеңейді


1 қазан күні Украинаның Конституциялық соты президенттің құзырын шектейтін 2004 жылғы саяси реформалар туралы заңның күші жойылды деп таныды.

Біздің жергілікті тілшіміз хабарлағандай, Конституциялық соттың шешімімен Украина мемлекеттік биліктің президенттік-парламенттік түріне қайта оралады.

Сотқа Жоғарғы Раданың 252 депутаты тиесілі сауал жолдады. Парламентарийлердің есептеуінше, саяси реформалар Конституцияның талаптарын өрескел бұзу арқылы қабылданды.

Парламенттік-президенттік билік түріне көшу мен үкіметті парламенттегі фракциялар коалициясының жасақтайтыны айтылған, сондай-ақ Жоғарғы Раданың өкілетін 4 жылдан 5 жылға дейін ұзартуды көздейтін ол реформалар 2004 жылы Леонид Кучма президент болған кезінде қабылданған болатын.
XS
SM
MD
LG