Accessibility links

Есіргепов қоныстану колониясына ауыстырылмайтын болды


Түрмеде отырған тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповке қоныстану колониясына ауыстыруға тағы да рұқсат етілмеді. Бұл туралы «Республика» интернет-порталы журналистің әйелі Раушан Есіргеповаға сілтеме жасап хабарлап отыр.

Есіргепованың сөзінше, бұл - 1 жыл 8 ай ішінде колония әкімшілігінің бесінші теріс жауабы.

2009 жылы 8 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов үш жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ, оған екі жыл мерзімге баспагерлік және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.Оған «мемлекеттік құпияны заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Қазір журналист Тараз қаласының жалпы тәртіптегі УЖД 158/2 колониясында жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG