Accessibility links

Венгрияда экологиялық апат болды


Венгрия билігі Колонтор қаласы маңындағы глинозем өндіретін зауытта болған апатты - экологиялақ апат деп атады.

Кеше кәсіпорында өңделген алюминидің қалдығы сақталатын қойма істен шыққан. Сыртқа барлығы миллион текше мерт улы заттар төгілген. Ақпаратқа қарағанда, зауыт айналасында төгілген қалдықтар үш метр биіктікке жетіп отыр.

Апаттан төрт адам қаза болып, тағы алты адамнан еш хабар жоқ. Жарақаттанып, күйік шалғандардың саны 120-ға жуықтады.

Апат аймағында төтенше жағдай жарияланып, территория тазартылуда.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, зауыт қоймасында екі апта бұрын жүргізілген тексеріс кезінде ешқандай ақау табылмаған екен.
XS
SM
MD
LG