Accessibility links

Солтүстік Корея басшысының мұрагері әскери парадты қабылдады


КХДР-ның теледидары бүгін тікелей эфирде ел басшысы Ким Чен Ирді оның мұрагері ретінде таныла бастаған ұлы – Ким Чен Унмен бірге көрсеткен.

Әкелі-балалы Кимдер Корея Еңбек партиясының 65 жылдығына орай өткізілген әскери парадты қабылдаған.

Корея жетекшісінің кенже ұлы қыркүйек айының аяғында генерал шенін алып, Корея Еңбек партиясы Орталық әскери комитеті төрағасының орынбасары қызметіне кіріскен болатын.
XS
SM
MD
LG