Accessibility links

Қазақстан Бельгиямен өткен ойын қортындысын дауламақ


Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның судьялар комитетіне өз наразылығын жолдауды көздеп отыр. Федерация Еуропа чемпионатының іріктеу кездесуінде Бельгия командасымен арада өткен ойынның қортындысымен келіспейді.

Бұл туралы бүгін Sports.kz интернет-порталы хабарлады.

Футбол федерациясы халықаралық бөлімінің басшысы Қуаныш Қанапяновтың сөзінше, ойынның басты орбитрі Марцин Борски екі қате жіберген. Сондықтан федарация польшалық төрешіні ойыннан шеттету туралы талап қойып отыр.

Қазанның 8-і күні Астанада Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:2 есебімен ұтылып қалды.
XS
SM
MD
LG