АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Балкан түбегі елдеріне сапарын Сараеводан бастап, Босния-Герцоговина басшылығымен келіссөз өткізуге тиіс.
Х.Клинтонның 3 тұлғадан тұратын Босния жетекшілерімен кездесуі осы айдың басындағы сайлаудың ізінше өтпекші.
Бұл сайлау азамат соғысының аяқталуынан 15 жыл өтсе де ұлттық жікшілдіктің әлі жалғасып, саяси реформаларға тежеу болып отырғанын аңғартты.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Еуропа мен Еуразия істері бойынша орынбасары Филип Гордонның журналистерге мәлімдегеніндей, Клинтон Босния басшыларын реформаларды жүзеге асыруға ынталандырады. Реформалар елдің ЕуроОдақ пен НАТО-ға қабылдануына мүмкіндік туғызады.
Гордонның атап көрсетуінше, Босниядағы саяси процесс ұлтаралық бақталастықтан тоқырап қалды деу «әділ» болады.
Сараеводан кейін Хиллари Клинтон Сербия басшыларымен Косово дауын талқылау үшін Белградқа баруға тиіс.