Accessibility links

Тәжікстанда 3 күдіктінің көзі жойылды


Тәжікстанның қауіпсіздік күштері Ауғанстан шекарасы бойындағы ислам экстремистеріне қатысы бар деген үш күдіктінің көзін жойды, деп хабарлайды Тәжікстанның ішкі істер министрлігі.

Министрліктің өкілі Махмадулло Асадуллоевты сілтеген «Франс-Пресс» агенттігінің хабарлауынша, үш күдікті де тәжік азаматтары және олар «Әл-Қаида» тобының Ауғанстандағы террорлық лагерлерінде жаттыққан көрінеді.

Күдіктілер Тәжікстанның Рашт жазығындағы арнайы соғыс операциясы барысында оққа ұшқан.

Өткен қыркүйек айында Рашт жазығында 30-ға жуық жауынгер қаза тапқан соң, тәжік үкіметі осы жазықта терроризмге қарсы арнайы операция жүргізіп келеді.

Ресми Душанбенің мәлімдеуінше, терроршыл қарулы топты - 1992-1997 жылдардағы азамат соғысы кезінде үкіметке қарсы шайқасқан оппозициялық ислам қолбасылары басқарады.
XS
SM
MD
LG