Accessibility links

Табылды Досым: "Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам..."


Табылды Досым
Табылды Досым
Бүгін қазақтың бард әншісі Табылды Досымов бақиға аттанып кетті. "Өмір - зая" деген осы...



Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.

Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?!

Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Жүктеген адам: Алмат
XS
SM
MD
LG