Accessibility links

Қазақстанда СПИД-ке қарсы бөлінген қаржы қалай жұмсалады?


Биыл ғаламдық қор СПИД-пен күрес үшін Қазақстанға 12,5 миллион доллар бөлмекші. Ғасыр дерті атанған «қорғаныш иммунитеті тапшылығымен» күреске бөлінген қаржы тиімді жұмсалып отыр ма? Оның Қазақстандағы ВИЧ індетін жұқтырған адамдарға қаншалықты көмегі тиіп отыр?



Ғаламдық қордан СПИД-ке бөлінген қаржыны және қабылданған бағдарламалардың іске асуын әр мемелкетте үкімет мүшелері мен бейресми және халықаралық ұйым өкілдерінен құрылған елдік үйлестіру комитеті қадағалайды. Дәлірек айтқанда, оның құрамында жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйым өкілдерінің саны 40 пайыз, халықаралық ұйымның өкілдері 30 пайызын және 30 пайызын үкімет мамандары құрайды. Грант алушы мемлекетте ғаламдық қордың талабына сай жұмыс жасалмаса, келесі жылы грант берілмейді.

Қазақстандағы ВИЧ індетін жұқтырғандар мен СПИД дертіне шалдыққан адамдар одағының төрағасы, 2002 жылдан бері елдік үйлестіру комитетінің мүшесі Нұрали Аманжолов Қазақстандағы Елдік үйлестіру комитетінің жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді.

- Мен бүгінгі күні олардың жұмысына қанағаттанбаймын. Осыған дейін үкіметтік емес ұйымдар көп нәрселерге белсенді араласа алмайтын. Қазір оларға мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан мемлекеттік органдар оларды тыңдауға мәжбүр. Осыған дейін үкіметтік емес ұйымдардың пікірімен санаспай келген мемлекеттік ұйымдар 2008-2009 жылдары гранттан құр қалған соң ойлана бастады, - деді ол.

Ал, ғаламдық қордың Орталық Азия бойынша жауапты өкілі Андрес Томберг Қазақстандағы үйлестіру комитетінің жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріп отыр.

- Біз шешімді көбіне елдік үйлестіру комитетінің берген есебіне сүйене отырып шығарамыз. Сонымен қатар жергілікті агенттіктердің бөлінген гранттарға жасаған бақылауына сүйенеміз. Қазір Қазақстан жоспар бойынша жұмыс жасап отыр, - деді.

СПИД орталығының берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 2010 жылы 15318 адам ВИЧ індетін жұқтырса, 1178 адам СПИД-пен ауырады.
XS
SM
MD
LG