Accessibility links

Қазақстан Аралға қатысты келісімді бекітті


Бүгін ел парламентінің сенаты Аралды құтқару қорының және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң қабылдады. Келісім Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері арасында жасалған.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, аталмыш келісім 1999 жылы 9-шы сәуірде Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттері басшыларының шешімімен бекітілген.

"Заң жобасы Халықаралақ Аралды құтқару қорының жұмысын жетілдіруді қарастырады. Сондай-ақ қорға тиісті артықшылықтар мен иммунитеттерді беруді көздейді",- деді министрдің орынбасары.
XS
SM
MD
LG