Қазақтың тілі – дуалы. Жаратпаған адамын сойып салады. Және мәңгіге масқара боласың. Қазақ ортасында ұрымтал сөздің, сойқан мақалдың мәңгі жасайтыны, ғасырлардан ғасырларға кететіні рас. Қазақ арасындағы семантикалық бұл құбылысты, тіпті, Мұхтар Әуезовтен бастап Зейнолла Қабдоловқа дейін айтып бітіре алмаған. Мәселен, қазақ халқы сүйгенін «әз» деп еркелетеді. Ескерткіші билік нойыстығы кесірінен қоқыста қалған Әз Жәнібек!
Немесе... Абылай ханның арғы атасы Қанішер Абылай!
Енді қазіргі заманға сай тағы бір сойқан сөз шықты. Ең қиыны, жұрт қазір өзара сөйлескенде Ұрысұлтан, Сорсұлтан дейтін болыпты. Бұл сөз және елге қатты ұнады. Жайылып, тарап барады. Бүгін орысша «комментарийлерді» қарап отырсам, орыс тілділер Ворсултан деп алыпты. Ворсултан дегенді де орыс тілді қазақтар шығарғаны анық. Бүкіл болмысынан көрініп тұр.
Енді мұны ешкім тоқтата алмайды. Өйткені, қазақ – ұғым арқылы емес, бейнелі түрде ойлап, бейнелі сөйлейтін шешен халық. Құдай-ай, бұл қиын болды ғой. Енді кетті ғой мәңгілікке, а?
kondihul@yandex.kz