Accessibility links

Ирақта бұрынғы вице-премьер өлімге кесілді


Ирақ соты Саддам Хусеиннің саяси үстемдігі тұсында сыртқы істер министрі әрі вице-премьер болған Тарик Әзизді дарға асу арқылы өлім жазасына кесті.

Әзиз – диктаторлық биліктің саяси қарсыластарын, оның ішінде шийт партияларын қудалауға ұйытқы болды деп танылды.

Саддам Хусеиннің жақын үзеңгілестерінің бірі болған Тарик Әзизді сот одан бұрын өзге айыптар бойынша 15 жылдық мерзімге түрме жазасына кескен болатын.
XS
SM
MD
LG