Accessibility links

Қазақстан Бүкіләлемдік банктің рейтингісінде 59-орынға көтерілді


Бүкіләлемдік банктің кәсіпкерлікті жүргізу рейтингісінде 183 мемлекет арасында Қазақстан 59-орынға көтерілген. Бұл туралы бүгін Бүкіләлемдік банктің жеке меншік секторды дамыту мәселелері жөніндегі аға маманы Светлана Багаудинова мәлімдеді.

Оның сөзінше, осы салада белсенді реформа жасау арқылы Қазақстанмен бірге Тәжікстан алғашқы жиырма мемлекеттер арасына кірген.

Светлана Багаудинова, 2009-2010 жылдары аралығында Қазақстанда бизнесті жүргізу жұмысы айтарлықтай жақсарған. Елде компанияларды құру жұмысы жеңілденіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау қызметі күшейтілген.
XS
SM
MD
LG