Accessibility links

Ауғандық 5 полицияның мәйіті табылды


Бір апта бұрын Ауғанстанның шығысындағы тәліптермен күресте жоғалып кеткен бес полиция қызметкерінің мәйіті табылды.

Вардак провинциясының полиция басшысы генерал Абдул Хақ Хақнаваздың айтуынша, олардың денесін Чек ауданындағы тұрғындар сенбі күні түнде тапқан.

Ғазни провинциясында қарашаның 1-інде болған тәліптермен шайқаста 16 полиция жоғалып кеткен. Кейін төртеуінің мәйіті жақын маңнан табылған. Тағы жетеуінен әлі хабар жоқ.

Сондай-ақ, бүгін Хельманд провинциясында жол бойына қойылған минадан 5 тұрғын қаза тапты.
XS
SM
MD
LG