Accessibility links

Ирақ партиялары жаңа үкімет туралы уәжге келмеді


Дүйсенбі күні Ирақта жетекші саяси күштер көсемдерінің басқосуында тараптар жаңа үкіметті жасақтаудың шарттары бойынша түпкілікті келісімге келе алмады.

Хабарға қарағанда, келіссөз сейсенбі күні жалғасуға тиіс. Одан бұрынғы хабар бойынша, қазіргі премьер-министр Нұри әл-Мәликидің жаңа үкіметті жасақтап, ал оның басты қарсыласы - экс-премьер Ияд Аллауидің блогі парламент төрағасына үміткерді ұсынуға тиіс еді.

Келіссөзге күрд партияларының да өкілдері қатысты.
Ирақта наурыз айындағы парламент сайлауынан кейін 8 ай бойы жаңа үкіметті құра алмай келеді.

Сайлауда Аллауин мен әл-Мәликидің саяси бірлестіктері шамамен тең дауыс алды.
XS
SM
MD
LG