Бағдадта бүгін Ирақ парламентінің келесі отырысы өтеді. Суннит араб заңшығарушыларының шиит премьер-министр Нури әл-Маликимен бірге жұмыс істей алатынына байланысты алаңдаушылықтар бар.
Бұрынғы премьер-министр Аяд Аллауи жетекшілігіндегі суниттердің "Ирақия" блогының 60-қа жуық депутаты бейсенбі күнгі парламент отырысын тастап шығып кетті. Олар шитттердің альянсын билік бөлісу туралы келісімнің шарттарын бұзды деп айыптады. Парламент спикері лауазымына қол жеткізген "Ирақия" блогы бұрынғы диктатор Саддам Хуссейннің "Баас" партиясымен байланысы бар деген айыппен үкіметтік қызметінен айырылған үш мүшесінің қайта оралуын талап етуде.
Билік бөлісу жөніндегі жаңа келісім 8 айға созылған саяси дағдарысты аяқтауға бағытталған.