АҚШ президенті Барак Обама азиялық елдерге арналған 10 күндік сапарын Жапонияда аяқтап, еліне оралды. Ол сапарының соңында, Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық қаруларды азайту келісімін бекіту қажеттігіне тоқталды.
Жексенбі күні ертерек Жапониядағы Азия тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумы аясында Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесіп, АҚШ Сенатында қарсылықтарға тап болып отырған стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімдері туралы сөйлескен.
АҚШ президенті бұл ядролық оқтұмсықтар санын екі тараптан да 30 пайызға дейін қысқартатын жаңа келісімнің маңыздылығына тоқталды:
"Бұл біздің НАТО-Ресей кеңесін қайта бастауымызға жол ашады. Сондықтан біз екіжақты кикілжіңді азайтып, еуропалық аренадағы қауіпсіздік мәселелерінде ынтымақтастықты күшейте аламыз".
Бұл ядролық пактіні жақтаушылар келісім жаңа бақылау жүйесін құруда ең маңызды элемент екенін айтады. АҚШ пен Ресей президенттері аталған құжатқа сәуір айында қол қойып, Сенаттың мақұлдауына жіберген.