Accessibility links

Дүиежүзілік банк Қазақстанға 78 миллион доллар қарыз береді


Дүниежүзілік банк Қазақстанда электр желілер жүйесінің құрылысына қатысты жобаны іске асыруға 78 миллион доллар көлемінде қарыз бөлуге келісім берді. Бұл туралы банк баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жоба іске асқан жағдайда Алматы облысындағы электр беру желісінің өткізу қабілеті кеңейтіледі. Бұл экономикалық өсуге, сауда-өндірістік даму аясында бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрғындар әл-ауқатын арттырады.
XS
SM
MD
LG