Accessibility links

Гуанчжоу: Қазақстан құрамасында тағы екі қола медаль


Қазақстан гимнасшылары Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында екі қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

Елдар Валеев бөренедегі жаттығу бойынша қытайлық спортшы Фэн Чжэ және Өзбекстан спортшысы Антон Фокиннен кейін үшінші орынға шықты.

Станислав Валиев тіреп секіру бойынша қола медальға ие болды. Қазақстан спортшысы Корея мен Қытай елдерінің өкілдерінен жеңіліп қалды.

Сонымен Қазақстан құрамасы 19 жүлдеге, соның ішінде екі алтын, алты күміс және он бір қола жүлдеге ие болып отыр.

172 медаль, соның ішінде 97 алтын медаль жеңіп алған Қытай құрамасы үлкен айырмашылықпен алда келеді. Оңтүстік Корея (82-29) және Жапония (93-17) елдері сәйкесінше екінші және үшінші орында тұр.
XS
SM
MD
LG