Саммитте қағаз жүзінде құжаттарға қол қойылып, декларация қабылданды. Алайда Грузия президенті Михаил Саакашвили айтқандай, тек сөз бен құжат жүзінде жақсы шешімдер жасалғанымен, шешілмей қалған мәселелер – шаш-етектен. Әлемнің сан ғасырдан бері шешімін таппай келе жатқанын еліміз шеше қояды деген сенімменен аулақпыз. Саммит туралы ресми хабарларды ақпарат құралдары ілесе беріп отырды. Сондықтан біз ресми емес дерек көздеріне жүгініп, Астана саммитіне келген қонақтардың біздің ел мен Астана туралы ойларына назар аудардық.
Саммитте аудармашы болған достарымнан алған ақпарларға қарағанда, қонақтар ең алдымен Астананың көркіне, көркем де ретті архитектурасына тәнті болған екен. Батыстан келген, бұрын Қазақстанды көрмеген бір қонақ «Орта Азияда Астанадай қала бар деп біреу айтса сенбес едім» десе, бірі «Қазақстан өркениетке аяқ басқан ел екен» деп, таңғалысын жасырмапты.
Бірақ Астана қонақтарды көркімен ғана емес, адамы жоқ қала екенімен де таңғалдырса керек. Қонақтардың көбінің сұрағаны – «Астанада қанша адам бар?» деген сауал болыпты. «800 мың жан саны бар» деген біздің жігіттерге сенбей, «онда қала тұрғындарын көшіріп жібердіңдер ме, болмаса үйлеріне қамап қойдыңдар ма?» деп сұраса, жылы жақтан келген бір қонақ білерменсіп, «мына боран мен аязда далада адам қайда жүрсін!» деп соғыпты.
Астанаға келген кейбір қонақтар саммит кезіндегі қала тұрғындарының тәртібін «Елбасының өз елінде үлкен беделі бар екен, саммит жақсы өту үшін халық сәйкесіп берді» деген оймен түсінсе, кейбірі «халықты көшеге шығармай, қатаң тәртіп орнату – адам құқына қол сұққандық болмай ма? Қазақстан халқы өз құқын қорғай алмайды екен» деп көсіліпті.
Астанаға келген қонақтар Қазақстанның қауіпсіздік қызметі жұмысын да сынамай өтпепті. Олардың кейбірі «өте мұқият, тыңғылықты, жақсы жұмыс істейді екен» деп бағаласа, енді бірі «өте шектен шыққан, қайта-қайта жасалған қатаң тексерулер журналистердің жүйкесін жұқартты!» дегенді тілге тиек етіпті.
Бәрін айт та бірін айт – қонақтар елден кетпей ашыққа шыға бастаған осы сөздер ертең әлемнің түкпір-түкпіріне тарайтыны сөзсіз. Біздікі – «жақсы сөз көп болса екен, жел сөз жоқ болса екен» деген ақ тілек қана!
http://kokjal83.wordpress.com