Accessibility links

Ахмадинежад Иранға енгізілген санкцияларды жоюға шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад егер Иранға енгізілген санкциялар алынып тасталса, әлемнің алпауыт елдерімен арадағы келіссөздер жемісті болады деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Иран мен әлемнің алпауыт елдері Женевадағы екікүндік келіссөздерін аяқтады. Иран телеарнасының хабарлауынша, екі жақ қаңтардың аяғына дейін Стамбулда қайта кездесуге келіскен.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ираннан уран байтуын тоқтатуды талап етуде.

Женевадағы келіссөздерге Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Саид Жалили мен Британия, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ өкілдері қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG