Accessibility links

Халықаралық сот Солтүстік Кореяға қатысты тергеу ісін жүргізуі мүмкін


Халықаралық қылмыстық сот прокурорының айтуынша, Оңтүстік Корея студенттері мен азаматтарының шағым-арыздарына байланысты Солтүстік Кореяның болуы мүмкін соғыс қылмыстары алдын-ала тексеріліп жатыр.

Луис Морено Окампоның хабарлауынша, Халықаралық қылмыстық сот наурыз айы мен қарашаның 23-дегі оқиғаларға байланысты кең ауқымды тергеу жүргізу мәселесін шешетін болады. Өткен айда Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, бірнеше адамды өлтірген болатын. Ал наурыз айында Оңтүстік Кореяның әскери кемесіне шабуыл жасалған еді.
XS
SM
MD
LG