Accessibility links

АҚШ сенаты Ресеймен арадағы ядролық келісімді мақұлдауы мүмкін


Вашингтондағы Ақ үй АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімнің Рождество мерекесінің алдында мақұлданатынына сенімді екенін мәлімдеді.

АҚШ сенатындағы демократтар Ресеймен арадағы келісімнің өзгертілуін қалаған республикалықтардың әрекеттеріне қарсы болды. Дүйсенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу аталмыш келісімге қатысты жаңа келіссөздер өткізгісі келмейді деп атап көрсетті.

Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен оның ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев сәуір айында Прагада қол қойған болатын. Оған сәйкес, екі ел алдағы жеті жылдың ішінде стратегиялық ядролық оқтұмсықтарын қысқартуы тиіс.
XS
SM
MD
LG