Accessibility links

АҚШ елшісі мен Қазақстанның сыртқы істер министрі референдум туралы бастаманы талқылады


Қазақстандағы миссиясын аяқтап жатқан АҚШ елшісі Ричард Хоугланд президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөніндегі референдум өткізу мәселесін Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен талқылағанын айтты. Бұл туралы Хоугланд сәрсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

- Саудабаев "бұл Қазақстанның ішкі саясаты мәселесі" деді. Ал мен "иә, мұны түсінемін, бірақ бұл - сонымен қатар халықаралық мәселе, себебі Қазақстанның халықаралық міндеттемелері бар" деп айттым, - деді Хоугланд.

Өткен жылдың аяғында Орталық сайлау комиссиясы Назарбаевтың өкілетін 2020 жылдың желтоқсан айына дейін ұзарту туралы референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтың ұсынысын тіркеген болатын.
XS
SM
MD
LG