Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао қаңтар айының ортасында АҚШ-қа ресми сапармен барады. Бұл туралы журналистерге Ақ үй өкілі Роберт Гиббс хабарлады.
Сапар кезінде Ху Цзиньтао АҚШ президенті Барак Обамамен әлемдік экономика проблемаларын, атап айтқанда қытай валютасының әлемдік базардағы жағдайын, сонымен бірге Корей түбегінде қалыптасып отырған мәселені талқыламақшы.