Дүйсенбі күні кешке Бакудің Насими аудандық соты Ұлттық мемлекеттілік партиясының жетекшісі Неймат Панахлыны екі ай абақтыға қамау туралы шешім шығарды.
Неймат Панахлының үстінен қаңтардың 7-сі күні шағым түсірген танысы "Панахлы маған қол көтерді" деп кінәлаған. Бірақ күдіктінің қорғаушысы Эльчин Садыгов Панахлыға қолдан жасалған айып тағылып отырғанын, биліктің оны саяси көзқарасы үшін қудалап жатқанын айтады.
Егер сот 48 жастағы Неймат Панахлыны кінәлі деп тапса, ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Неймат Панахлы 1980-жылдардың соңында Әзербайжан ұлттық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған.