Accessibility links

Бразилияда су тасқынынан қаза болғандар саны 230 адамға жетті


Бразилияның Рио-де-Жанейро штатындағы су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза болғандардың саны 230 адамға жетті.

Таулы аймақта орналасқан Тересполис қаласында 122 адам көз жұмған. Нова-Фрибургу және Петрополис қалаларынан да су тасқынынан қайтыс болған адамдар туралы ақпарат жеткен. Билік орындары құрбан болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады, себебі шалғайдағы кейбір елді мекендерге құтқарушылар жете алмай отыр.

Бұған дейін Сан-Паулу штатында су тасқыны оннан астам адамның өмірін қиғаны туралы хабарланған еді.

Бразилияда жауған қалың нөсер су тасқынына ұласып, соның салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG