Accessibility links

Тунис президенті елден 1,5 тонна алтын алып кеткен


Биліктен құлатылған Тунис президентінің жақындары елден шығарда 1,5 тонна алтын әкеткен. Бұл туралы Францияның "Le Monde" басылымы жазып отыр.

Франциялық барлау қызметінің мәліметтеріне сүйенген газет Тунис президенті болған Зин әл-Әбидин бен Алидің екінші әйелі Лейла Трабелсидің елден кетер алдында Орталық банктен құны 65 миллион доллар болатын алтын алып шыққанын жазады.

Хабарларға қарағанда, банк алғашында оған алтынды бергісі келмеген, бірақ Бен Алидің өзі талап еткен соң келіскен.

Тунис президенті елдегі жаппай наразылық шараларынан кейін Сауд Арабиясына бас сауғалап кетті.
XS
SM
MD
LG