Accessibility links

Қырғызстандағы этникалық қақтығыс үшін билік өкілдері айыпталды


Бүгін Қырғызстанның оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстың шығу себебін зерттеген комиссия жетекшісі Абдығани Еркебаев сол кездегі уақытша үкімет толқулардың болу мүмкіндігін білген, бірақ оған қарсы қадамдар жасамаған деді.

Бұл туралы Еркебаев сәрсенбі күні парламентте айтып, бұрынғы ішкі істер, қорғаныс министрлері мен қауіпсіздік қызметінің басшысы, бас прокурор бұл көтеріліс үшін жауаптылар қатарында деді. Олардың біразы әлі сол қызметтерінде отыр.

Өткен жылдың маусым айында Қырғызстанның Ош пен Жалал-Абад қалаларында болған этникалық қақтығыстан көбісі өзбек 400-ден аса адам қаза болған. Жүз мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Өткен аптада арнайы құрылған бұл комиссия бұл қақтығыстың артында бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің туыстары, экстремистік топтар мен өзбек қауымдастығының жетекшілері тұр деген.
XS
SM
MD
LG