Беларусь президенті Александр Лукашенко жұма күні ант қабылдап, төртінші мерзім билігін жалғастырады. Бұл туралы сәрсенбі күні президенттің кеңсесі хабарлады.
Лукашенко халықаралық бақылаушылар бұрмалаушылықпен өтті деген желтоқсан айындағы президент сайлауында жеңіске жеткен. Сайлау нәтижесіне наразылық танытқан жүздеген адам қамауға алынған.
Еуропа Одағы мен АҚШ Минскіге қарсы санкциялар қарастырып жатқанын айтқан.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясын ұйымдастырушылар алдағы аптада өтетін жиынға сайлаудан кейінгі адам құқықтарының бұзылуына қатысты Беларусь шақырылмайды деп хабарлады.