Accessibility links

Түркияда екі күндік 6+1 келіссөзі басталды


Стамбулда Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблеманы талқылау үшін әлемнің жетекші 6 елі мен Иран өкілдерінің екі күндік келіссөзі басталды.

Иран делегациясын елдің ядролық мекемесінің жетекшісі Саид Джалили бастап барды. Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ делегацияларын Еуропа Одағының сыртқы саясат мәселелері бойынша бас өкілі Кэтрин Эштон басқарады.

Өткен жылы Женева қаласында болған алдыңғы алтыжақты келіссөз қарама-қарсы тараптар арасындағы өткір қарама-қайшылықтарды шеше алмады.

Батыс елдері "Иранның бейбіт ядролық бағдарламасының түпкілікті мақсаты - ядролық қару жасап шығару" деп күдіктенеді. Ресми Теһран ондай күдікті теріске шығарумен келеді.

Ресми Вашингтон бұл келіссөз айтарлықтай жетістікке жете алады деп күтпейді. Бірақ Иранмен төмен байытылған уран алмасу туралы келіссөз жасауға әзір.
XS
SM
MD
LG