Accessibility links

Ресей полициясы Ставрополдегі 8 адамның өлімін зерттеуде


Ресей полициясы қылмыстық топтардың арасындағы дауға байланысты болуы мүмкін деген күдікпен Ставрополде өлтірілген сегіз адамның өлімін тергеп жатыр.

Жұма күні Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан оққа ұшқан бес ер адам мен үш әйел адамның мәйіті табылған.

Хабарларға қарағанда, қаза тапқандар арасында "Хан" деген атпен белгілі қылмыстық топ басшысы мен оның кейбір отбасы мүшелері бар. Оның үйінен тірі қалған екі бала табылды.
XS
SM
MD
LG