Accessibility links

СІМ: «Домодедовода» зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Ресей астанасындағы «Домодедово» әуежайында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екендігі туралы Азаттық радиосына Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

Дүйсенбі күні Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған жарылыс салдарынан 35 адам қаза тапты. Жараланғандар туралы әзірше нақты дерек жоқ. Денсаулық және әлеуметтік даму комитеті – 135 адам десе, Төтенше қызмет министрлігі – 180 адам жараланған дейді. Жарақатпен ауруханаға жеткізілген 97 адамның 48-інің ауыр халде екені хабарланды.

Ресейдің террорға қарсы ұлттық комитетінің өкілі әуежайдағы сақтық шаралары әлсіз болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG