Жаңаөзенде өткен аптадан бері аштық жариялап жатқан алты әйелдің бірі – Тамара Ерғазиеваның денсаулығы нашарлап, оны дүйсенбі күні кешке медициналық жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Бұл туралы сейсенбі күні Азаттық радиосына аштық жариялап жатқандардың бірі Дәмеш Сарғұлова хабарлады.
Қазір Жаңаөзендегі неврологиялық ауруханада жатқан Тамара Ерғазиева Азаттық тілшісімен телефон арқылы әңгімеде дүйсенбі күні аяқ-қолы тартылып, әлсіреп қалғанын айтты. Ал ол жатқан аурухана дәрігерлерінен ақпарат алу мүмкін болмады.
Дәмеш Сарғұлованың айтуынша, қаңтардың 20-сынан бері аштық жариялап жатқан әйелдерге осы уақытқа дейін жергілікті билік өкілдерінен ешкім келмеген.