Еуропа Одағының Балқан елдері бойынша өкілдері бүгін Тиранада келіссөз өткізіп жатыр. Албания жұма күнгі үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында 3 адам қаза тапқан соң саяси дағдарысқа ұшырап отыр.
Словакия дипломаты Мирослав Лайчак басқарған еуропалық делегация Албания президенті Бамир Топимен және премьер-министр Сали Беришамен кездесті. Сонымен қатар олар оппозиция жетекшісі, Тирана мэрі Эди Рамамен кездеседі деп жоспарланған.
Келіссөздерден кейін Бериша үкіметті қолдаушылардың шеруін өткізбейтінін мәлімдеді. Демалыс күндеріне жоспарланған бұл шеру Рама жетекшілігіндегі оппозициялық наразылық шарасына жауап ретінде өткізілмекші еді.