Өз өкілетін ұзарту жөнінде референдум өткізуден бас тартқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін АҚШ қоштады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Филип Кроули референдум өткізбеу туралы «дұрыс шешім» қабылданғанын айтты.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис те референдумге қатысты Қазақстанның соңғы шешіміне қолдау білдірді.
«Біз Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде ұйым аясында қабылдаған басты міндеттерімізге, соның ішінде демократиялық сайлаулар өткізуге адалдығымызды растаған болатынбыз. Мен осы мәселеде Қазақстанның жетекшілігіне қолдау танытамын», – делінген ЕҚЫҰ сайтында жарияланған Аудрониус Азубалистің сөзінде.
Кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілетін ұзарту жөніндегі референдум өткізу бастамасынан бас тартып, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынып мәлімдеме жасады. Бірақ президент сайлауының дәл қай күні өтетінін айтқан жоқ.