Accessibility links

«Атына заты сай қала – Қандыағаш, сай емесі – Алға»


Ақтобе облысы Алға қаласындағы иесіз қалған Химиялық зауыты. Алға, 10 қазан 2010 жыл.
Ақтобе облысы Алға қаласындағы иесіз қалған Химиялық зауыты. Алға, 10 қазан 2010 жыл.
Шалқардың шатақтары «қанды қала» мәртебесін Қандыағашқа бере салғанға ұқсайды. Жын-ойнақ ордасына айналып кете жаздаған қала бұл!

Қайсыбір жылы облыстың (Ақтөбе облысы) бас полицейі «құмар ойындарды нақ осы Қандыағашқа орналастыру керек» деген еді. Абырой болғанда, «казинолар қаласы» үкіметтік деңгейде басқа қалалар болып бекітілді. Әйтпегенде, «жығылған үстіне жұдырық». «Мұртқа өкпелеп жүргенімізде…».

Қандыағаш атауы неден шықты дегенге әркім әрқилы айтады. Бала кезімізде, «тал жылап тұрған деседі, жас орнына қан ағып тұр» деп еститінбіз. Кейін Қарғалы ауданының энциклопедиясынан Қандыағаштың көзге түсе бермейтін шыбық тал екенін білдім.

Десек те, бүгінде атына заты сай қала – Қандыағаш болып тұр.

Ал, өкінішке қарай, Алға деген атқа лайық болмай, керісінше артқа тартылып кеткен қала – Қандыағаштан 50 шақырым жердегі Алға ауданының орталығы – Алға. Voxpopuli.kz журналында «Город-призрак» деген атпен шыққан фоторепортажда (авторы Дидар Қошаман) Алға қаласының алға баспай тұрғанына куә бола аласыздар...
XS
SM
MD
LG