Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы жіберген ұшағы Каирден Қазақстан азаматтарының екінші тобын алып шығып, кеше түнде Алматы әуежайына қонды.
Бұл жолы Қазақстанның 89 азаматы елге аман жетті. Оларды Египеттен алып келген ұшақта төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары және арнайы дәрігер мамандары да болған.
Бұның алдында төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағы Каирден Алматыға Қазақстанның 139 азаматын жеткізген.
Египеттегі Қазақстан елшілігінің дерегі бойынша, ондағы консулдық есебінде Қазақстанның 185 азаматы тіркеуде тұр.
Сәрсенбі күні Египет астанасында жағдай күрт шиеленісіп кетті. Ел президенті Хосни Мүбәрәктің биліктен дереу кетуін талап еткен шерушілер мен президентті қолдаушылар арасында болған қақтығыс салдарынан үш адам көз жұмып, кем дегенде 600 адам жараланды деп хабарлады ресми орындар.